«Қасиетті тазалық»: Мұхтар Әуезовтің туған жерінде сенбілік өтті
Мемкелекет көлемінде өтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Абай ауданы халқы да белсенді қатысуда.
Аудан көлемінде тазалық жұмыстары, абаттандыру, көркейту шаралары қатар жүргізілуде. Киелі мекеніміздегі тарихи-мәдени орындар, ескерткіштер мен кесенелер аумағы тазартылып, абаттандырылды.
22 сәуірде Қарауыл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды асфальттау және жарықтандыру жұмыстары басталды.
— Қарауыл ауылында Мамай көшесі мен Тоқтамыс көшесін асфальттау жұмыстары басталды. Бұл жұмыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Тоқтамыс көшесінде 73 жарық шамын орнатуды көздеп отырмыз, мамыр айының соңына дейін жұмыстар аяқталады, - дейді Қарауыл ауылдық округінің әкімі Ерік Дүйсенбеков.
Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің туған жеріндегі «Бөрілі» мұражайының аумағында да сенбілік өтті. Қасқабұлақ ауылдық округінің тұрғындары, белсенді жастар мен мұражай қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштарды әктеді.
— Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында апта сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда, тарихи және киелі орындар абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Аудан тұрғындарына, ауқымды іске ұйымшылдықпен қатысқан қоғам белсенділеріне алғысымды білдіремін. Алдағы сенбіліктерде де осылай береке-бірлігімізді көрсетейік, - дейді аудан тұрғыны Құсман Берлешов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ