Абай облысының «Үздік әкімдері» анықталды
Жыл көлемінде «Abay Media Group» ЖШС-нің аналитика бөлімі жүргізген әлеуметтік желідегі әкімдердің белсенділігі бойынша «Үздік әкімдер» белгілі болды.
Рейтинг нәтижесі бойынша «Жыл әкімі» аталымы бойынша бірінші орынды Семей қаласының әкімі болған Нұрбол Нұрсағатов, екінші орынды Бесқарағай ауданының әкімі болған Талғат Мұратов, үшінші орынды Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов иеленді.
«Біздің мақсат әкімдерді жарыстыру емес. Олардың желідегі белсенділігін арттырып, халықпен жедел кері байланыс орнатуын қамтамасыз ету. Сол себепті жыл көлемінде атқарған еңбектеріңізге алғыс айтамыз», - деді «Abay Media Group» ЖШС директоры Мирас Малғаждаров.
Айта кетейік, қазіргі таңда Абай облысы аумағындағы қала, аудан әкімдерінің барлығында әлеуметтік желідегі ресми парақшалары бар.
Бұл бастама әкімдердің жұмысына деген сенімді арттырып, қоғаммен тиімді диалог құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Тағыда оқыңыз