Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Аймақ басшысы Қарағайлыдағы жаңа жол мен тұрғын үй құрылысымен танысты

Бүгін, 08:02 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірнеше нысанды аралады. «Омбы-Майқапшағай» автожолынан «Северный» логистикалық орталығына дейінгі жол мен Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын төрт жолақты жол магистральдық санатқа жатады. Жоба аясында инженерлік желілерді қайта жаңарту, жол төсемін салу, сыртқы жарықтандыру орнату жұмыстары қарастырылған. Құрылыс биылғы жылдың тамыз айында толық аяқталмақ.

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аймақ басшысына Қарағайлы ықшам ауданының жол желілерін дамытуға қатысты жоспарын ұсынып, жаңадан бірнеше көше салу бойынша жоба әзірленіп жатқанын айтты.

Облыс әкімі бастамаға қолдау білдіріп, Қарағайлы шағын ауданының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмысты жалғастыру керектігін атап өтті.

«Бұл жол құрылысы шаһардың көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Жаңа жол Қызыл Кордон, Энергетик және Зағиптар қоғамы аумақтарында тұратын тұрғындардың қатынауын айтарлықтай жеңілдетеді. Қарағайлы – қарқынды дамып келе жатқан жаңа аудандардың бірі. Сондықтан ықшам ауданның көшелерін кеңейту, жолдарын жаңарту бағытындағы бастамаларыңызды қолдаймын»,- деді аймақ басшысы.

Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 9 қабатты 18 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. Оның он үшінің құрылысы былтыр басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал қалған 5 үйдің құрылысы жақында аяқталады.

Облыс әкімі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап, мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Семей қаласында 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруымыз керек. Осыдан бір ай бұрын арнайы келіп, екі тұрғын үйдің құрылысын тезірек аяқтауды тапсырған болатынмын. Қазіргі уақытта пайдалануға берілуге дайын тұр. Қарағайлыда салынып жатқан 18 үй мыңдаған отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив