Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Аудан әкімі Қарауыл ауылындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын тексерді

13-07-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Қарауыл ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. Сапар барысында ол мерейтой қарсаңында қолға алынған бірқатар нысандарды аралап, орындалған жұмыстардың сапасына назар аударып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Алдымен әкім Абай саябағының аумағына барып, суару жүйесін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұнда су қоймасына қосымша моторлар орнатылып, скважина жаңартылуда. Бұл шаралар саябақтың көгалдарын жүйелі түрде суаруға мүмкіндік беріп, жасыл желекті аймақтың күтімін жақсартады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауыл аумағындағы істен шыққан бейнебақылау камераларына жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Бұл қадам мерейтой кезінде ауыл тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Сондай-ақ, аудан әкімі әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында болған жөндеу жұмыстарының нәтижесін көрді. Қазіргі уақытта нысандағы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

Бұдан бөлек, Мейіржан Серікбосынұлы Мәдениет үйі мен орталық стадионда жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Ол нысандардағы жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстауды тиісті сала басшыларына тапсырды. Аталған нысандардағы жөндеу жұмыстары алдағы күндері толық аяқталуы тиіс.

Сапар соңында әкім ауыл орталығында жаңадан орнатылған аялдамаларды, сондай-ақ орталық алаң аумағын аралап, абаттандыру және тазалық деңгейіне назар аударды. Алаңның көрнекілігін арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Қарауыл ауылында атқарылып жатқан бұл жұмыстар — Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге және ауылдың жалпы келбеті мен инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив