Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сол жағалаудағы аспалы көпір астындағы қоғамдық орын қала тұрғындарының игілігіне берілді

27-10-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қоғамдық орынның ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шакаримов қатысты.

"Ағымдағы жылы қаланы абаттандыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сол жағалаудағы көпірасты аймағы мен Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік қолданысқа берілді. Жақын уақытта Шығыс кентіндегі Декоративный көшесі мен Мәңгілек ел көшесіндегі қоғамдық кеңістік тұрғындардың игілігіне берілетін болады",- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен ұласты. Мерекелік шарада ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлініп, онда воркаут алаңы, фитнес аймағы, балалар ойын алаңдарынан тұрады. Көрермендерге арналған 2 трибуна орнатылған. Жаңа қоғамдық кеңістік әртүрлі көркемдік элементтермен, қабырға суреттерімен толтырылған, бұл көпір аймағына эстетикалық көрініс береді. Аяқталған өнер туындыларының ауданы 1850 м2 құрайды.

Ертіс жағалауында орналасқан кеңістіктің аумағы түгел абаттандырылып, көпжылдық гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Демалыс аймағына күндізгі уақытта ғана емес, түнгі мезгілде де адамдар демалуы үшін қажетті жарықтандырулар жүргізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив