Қала әкімі Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов халықпен кездесуін Айнабұлақ ауылынан бастады. Ауыл мектебінің ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдап, ауыл әкіміне тиісті тапсырмаларды берді.
Биыл қалалық бюджеттен Айнабұлақ ауылына 66 млн 669 мың теңге бөлінді. -
Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында Айнабұлақ ауылында жалпы сомасы 17 545 000 теңге футбол алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. - Сондай-ақ, Самай ауылында балалар ойын алаңын салуға қалалық бюджеттен 4 900 000 теңге бөлінді. Шарт «Еңбек Өскемен» мердігерлік ұйымымен жасалып, құрылыс жұмыстары аяқталды. - Округтегі өзекті мәселелердің бірі - сапалы интернет жылдамдығының болмауында. Осы мақсатта қалалық бюджеттен 4 млн. 200 мың теңге бөлініп, наурыз айында Айнабұлақ әкімдік нысанында спутниктік интернет қосылды. - Сондай-ақ, Айнабұлақ пен Самай ауылдарына көше жарықтандыруларын орнату мақсатында жер учаскесін дайындауға жобалау (ПИР) жұмыстарына 1 млн. 200 мың теңге қарастырылып, арнайы құжаттама әзірленуде.