Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

«Красный Кордон» кентінде балалар ойын алаңқайы мен футбол алаңы ашылды

18-11-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының «Красный Кордон» тұрғын алабындағы Томск көшесінде қоғамдық кеңістік тұрғындардың қолданысына берілді. Көктем маусымында  Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауына келген тұрғындар аталған аумаққа қоғамдық орын салып беруді сұраған болатын. Мердігер ұйым екі ай көлемінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, қазан айында құрылыс жұмыстарын аяқтады.

Бүгін Семей қаласының мәдениет бөлімі аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды ұсынды. Мерекелік шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. 

Қоғамдық кеңістік воркаут, сырғанақ, әткеншек сынды балалар алаңқайы мен жасөспірімдерге арналған футбол алаңын қамтиды.

Ағымдағы жылы Семей қаласының шеткері аумақтарында 10-нан аса ойын алаңдары бой көтерд. Қала әкімінің тапсырмасымен балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында, аниматорлардың қатысуымен әр жаңартылған аулада мерекелік іс-шара ұйымдастырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив