“Казкрай" кентінде қоғамдық кеңістік қолданысқа берілді
Бүгін Семей қаласының "Казкрай" тұрғын алабындағы Торайғыров көшесінде қоғамдық кеңістік тұрғындардың қолданысына берілді. Көктем маусымында Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауына келген тұрғындар аталған аумаққа қоғамдық орын салып беруді сұраған болатын. Мердігер ұйым екі ай көлемінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, қазан айында құрылыс жұмыстарын аяқтады.
Бүгін Семей қаласының мәдениет бөлімі аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды ұсынды. Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов қатысты.
"Ағымдағы жылы Семей қаласында 10-нан аса қоғамдық кеңістік бой көтерді. Олардың басым бөлігі қаланың шеткері аумақтарында орналасқан. Аталған аумақтардағы жұмыстар аяқталды. Қала әкімінің тапсырмасымен балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында, аниматорлардың қатысуымен әр жаңартылған аулада мерекелік іс-шара ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, жақын күндері Шығыс кентіндегі Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңістіктің ашылу салтанаты өтеді",
- деді қала әкімінің орынбасары Р. Досмағанбетов тілшілерге берген сұхбатында.
Тағыда оқыңыз