Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Биыл Шульбинск кенті мен Новобаженова ауылында ауқымды жұмыстар атқарылды

23-11-2023, 17:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаз маусымында атқарылған жұмыстары Шульбинск кенті мен Новобаженовв ауылына барды.

Қала басшысы өз кезегінде ауыл тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, олардың ұсыныс-тілегін тыңдады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шульбинскте әкімдік ғимаратының шатыры жөнделіп, қар ұстағыш қоршау орнатылды.

Шульбинск кентінен кейін қала басшысы Новобоженова ауылына барды. Бұл ауылдық округте ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Новобаженово, Клементьевка , Бұлақ ауылдарында ауылында балалар ойын алаңы мен футбол корды орнатылды. Ауыл тұрғындары Новобоженово ауылының тұрғындары қала әкіміне жайылымдық жердің тапшылығына шағымданды.

 “Қазіргі уақытта ауылдық округте 5000 гектар жайылымдық жер бар. Бұған қосымша бұрынғы «Қуаныш» коперативінен 939 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Сонымен қатар, «BA Agro Group» ЖШС 267 гектар жер қайтарылып алынады. Жайылымдық жерлер Новобаженова кентіндегі халықтың игілігне берілетін болады",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив