Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында І республикалық жас скрипкашылар байқауы өз мәресіне жетті

25-12-2023, 17:52 Сабина Әлібек

Облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында өткен қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаев атындағы І республикалық жас скрипкашылар байқауының жеңімпаздары белгілі болды. 

Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі ІІІ орын иегерлері А. Джанибекова, А. Сағынтаева, М. Алматова, жүлделі қоры 100 000 теңге, ІІ орын Н. Рыскулова, Ж. Төремай, А. Қанафиева, жүлде қоры 150 000 теңге,  І орын Т. Шакеримова мен А. Курманкулова, жүлде қоры 250000 теңге. Ал байқаудың бас жүлдесін С. Ерғайым иеленіп жүлделі 500000 теңгені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, әділқазылар шешімі бойынша Айткеш Толғанбаев атындағы қордың арнайы жүлдесін Т. Шакеримова, А. Ким иеленді. Сондай-ақ, байқауда бірқатар скрипкашылар дипломант атанып, «Үздік концертмейстер»,  «Үміт сыйлығы» номинациялары бойынша марапатталды. Олар З. Рысқали, А. Мәуленқұл және Ж. Ибраева.

Естеріңізге сала кетейік, жас скрипкашылар байқауы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 24 желтоқсан күні бастау алды. Үш кезеңнен өткен қатысушылар бүгін ақтық гала концертте өнер көрсетті.

Марапаттау рәсімі гала концертпен жалғасып конкурс жүлдегерлері мен әділ қазылар мүшелері өнер көрсетті. Олар қазақ әндері мен әуендеріне попурри,  «Балбырауын», «Наз қоңыр», «Көзімнің қарасы», «Ғайнижамал» шығармаларын орындады.

Айткеш Толғанбаев атындағы байқау биыл облысымызда алғаш рет Республикалық деңгейде өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив