Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Юность ауданындағы басты жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

5-04-2024, 10:09 Мадина Айдарова

Орташа жөндеу жұмыстары Селевин көшесінен бастап Юность ықшам ауданындағы соңғы аялдама аумағын қамтиды, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Юность ықшам ауданына барып, кварталішілік аулаларды аралады.

Бұдан бұрын Юность кентіндегі тұрғындар тарапынан апатты жағдайдағы және қураған ағаштарды кесуге қатысты көптеген ұсыныстар келіп түскен болатын. Қала әкімі ТҮКШ бөлімінің басшысына тиісті талдау жүргізіп, тұрғындардың шағымы негізінде жұмыс жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, қазіргі таңда бір ғана Юность шағын ауданында 100-ден астам ағаш апатты жағдайда.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов шағын аудандағы жол сапасын да бақылады. №6 емханасына апаратын кварталішілік жолдың сапасы сын көтермейді. Қала басшысының тапсырмасымен биыл №6 емханасының кварталішілік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан бөлек Юность ауданындағы басты көшенің жолы асфальтталады. Жөндеу жұмыстары Селевин көшесінен бастап Юность ықшам ауданындағы соңғы аялдама аумағын қамтиды.

2023 жылы Семей қаласы әкімдігімен Юность кентідегі қоқыстарды тазалау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған болатын. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады. Қала басшысы барлық пәтер иелерінің кооперативтеріне өздеріне тиесілі аумақты тазартуға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив